Жаңалықтар

Балқаш көлінің су деңгейі 12 см көбейді

13.05.2025 11:32 578
Балқаш көлінің су деңгейі 12 см көбейді

2025 жылдың басынан бастап Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне 3,8 млрд текше метр су жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір жыл ішінде көл суының деңгейі 12 см-ге көбейді. Сонымен бірге су көлемі 2 млрд текше метрге артты.

Су ресурстары және ирригация министрі өткен жылдың қазан айынан бастап Қазақстанда вегетация аралық кезеңде және көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суын тиімді пайдалану бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осы уақыт ішінде су тапшылығы кезінде қажетті су көлемімен қамтылмаған көл жүйелері мен шабындық алқаптарына 15,7 млрд текше метр су жіберілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға