Жаңалықтар

«Balapan» телеарнасына жаңа басшы келді

Бұл туралы “Qazaqstan” ТРК мәлім етті
«Balapan» телеарнасына жаңа басшы келді
Фото: Balapan 01.02.2023 16:50 1720

Журналист Индира Тұрсынбай «Balapan» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазір «Balapan» телеарнасының алдында тұрған негізгі міндет - балалар контентін өндірушілер арасындағы бәсекелестікте алда болу, анимация өндірісін кеңейту. Ол үшін ең алдымен өнімдер сапасын бұдан әрі арттыру мақсаты тұр. Бүгінде балалар контентін өндіретін түрлі отандық және әлемдік жаңа платформалар пайда болды, бәсекелестік мықты болғандықтан, телеөндірісте креативті идеяларды іске асыру маңызды. Бұл бағытта нарықтағы жаңашыл маман ретінде Индира Тұрсынбайдың тәжірибесі балалар арнасы үшін пайдалы болады деп сенеміз», - деді Корпорацияның басқарма төрағасы Ләззат Танысбай.

Индира Тұрсынбай 2003 жылдан бері «Qazaqstan», «Астана», «Евразия», «Almaty» телеарналарында жүргізуші, журналист, жаңалықтар тілшісі болып еңбек еткен. Соңғы жылдары жеке продакшн компанияларда басшылық қызметтер атқарды.

Басқарма төрағасы бұған дейін телеарнаға жетекшілік еткен Қымбат Досжанға алғыс білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға