Жаңалықтар

Баланың "есірткі жасырушы" болып жұмыс істейтінін қалай білуге болады?

Баланың "есірткі жасырушы" болып жұмыс істейтінін қалай білуге болады?
Фото: © Polisia.kz 10.10.2023 11:24 798

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, ал есірткі сатқаны үшін 14 жастан басталатынын еске салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция ата-аналарға мына белгілерге назар аударуды ұсынады:

️ баланың телефонында үй кіреберістерінің, аялдамалардың, қабырғалардың суреттері пайда болса;
️ жеке заттары арасында изолента, zip-пакеттер, қалта электронды таразылары пайда болса;
️ араласатын ортасы өзгерсе;
️ сөйлеу мәнері өзгеріп, әңгіме тақырыбын бұруға тырысса, дөрекілік танытса;
️ күн тәртібі өзгерсе: оқуға бірнеше сағат бұрын кетіп, оқудан бірнеше сағатқа кешіксе, кіммен және қайда болғанын айтпаса;
️ жаңа заттар пайда болса және оның қайдан келгенін түсіндіруден бас тартса.

Бұл белгілердің пайда болуы баланы бақылауға, кез-келген заңсыз іс-әрекеттің салдарын түсіндіре отырып, онымен сөйлесуге себеп болуы керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға