Жаңалықтар

Балаларға арналған арнайы оқу қосымшасын жасап жатырмыз – Эрнист Уметалиев

Балаларға арналған арнайы оқу қосымшасын жасап жатырмыз – Эрнист Уметалиев
Фото: El.kz 21.12.2022 13:41 5324
Астанада өткен бірінші Орталық Азия форумында «D Billions» YouTube-жобасының негізін қалаушы Эрнист Уметалиев «Креативті индустрия әлеуметтік трансформация элементі ретінде» панельдік сессиясында «D Billions» жобасы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Ол өзінің YouTube арнасында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған әндер мен ойын-сауық бейнелерін шығарады.
Топ мүшелері балаларға алфавит әріптері туралы айтады, жаңа сөздерді үйретеді және нәресте оңай қайталайтын би қимылдарын көрсетеді.
«Ағылшын тіліндегі YouTube сегментіне арналған алғашқы бейне 2019 жылдың тамызында жарияланды. Бұған дейін біз тек өз көрерменіміз үшін жұмыс істедік, бірақ белгілі бір уақытта жаңа деңгейге шығуды шештік. Екі жыл бойы біз достарымызбен талқыладық, YouTube-ті зерттедік», - дейді.
«D Billions» YouTube-жобасының негізін қалаушысының айтуынша, бүгінде аудитория өсіп келеді.
«YouTube-те бізде әртүрлі тілдерде 13 арна бар. Жалпы бізде 35 миллиард қаралым бар. Біз қазір балаларға арналған арнайы оқу қосымшасын жасаумен айналысып жатырмыз», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Орталық Азия медиа форумының екінші күні. Іс-шараны ұйымдастырушы-Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
Сарапшылар медианы дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды және осы саладағы өз бақылаулары мен үздік тәжірибелерімен бөліседі.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға