Жаңалықтар

Балалардың ораза ұстағаны дұрыс па? Министр жауап берді

Балалардың ораза ұстағаны дұрыс па? Министр жауап берді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI 18.03.2024 15:15 574

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балалардың ораза ұстауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды EL.kz aқпарат агенттігі.

Мәжіліс кулуарында журналистер министрден балалардың ораза ұстауына қатысты ойын сұрады.

Балалардың ағзасы өте тез өседі, ағзасы тез қорытады. Олар жұмсап отыратын энергияларының орнын тез арада толтырып отыруы қажет. Әрине, бірінші әр ата-ана бұны дұрыс түсіну керек. Балалардың уақытылы, тиімді тамақтануы денсаулығы, дамуы үшін маңызды. Ата-аналардың өз шешімі ғой. Дегенмен белгілі бір жасқа дейін балаларды дұрыс тамақтану режимінен айырмау керек. Меніңше, 16-17 жасқа дейін баланың уақытылы тамақтанып, режимді сақтағаны маңызды, - деді министр.

Айта кетейік, биыл Рамазан айы 11 наурызда басталып, отыз күнге созылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға