Қазақстанда алимент төлемейтіндердің саны азаймай отыр. Ресми деректерге сәйкес, бүгінгі күні 12 мыңнан астам борышкердің жалпы қарызы 18 миллиард теңгеге жеткен. Бұл – мыңдаған баланың өзіне тиесілі қаражатты уақытылы ала алмай отырғанын көрсететін өзекті мәселе.
Алимент төлемегендерге қандай жаза бар?
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, алименттен жалтарған азаматтарға бірқатар шара қарастырылған. Ең алдымен, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер бұл шаралар нәтиже бермесе, қылмыстық жауапкершілік те қолданылады.
Биылғы жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша, 1100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал 89 борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Осы мәселеге қатысты ҚР Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Мақсат Балабеков алимент өндіру бағытында жұмыстардың жалғасып жатқанын атап өтті.
Қазіргі таңда алимент бойынша берешегі бар азаматтарға қатысты кешенді шаралар қабылданып жатыр. Әкімшілік жауапкершілікпен қатар, қасақана жалтарған жағдайда қылмыстық жауапкершілік те көзделген. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 1100-ден астам борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 89 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар мәжбүрлеп орындату шаралары арқылы 3 миллиард теңгеге жуық қаражат өндіріліп, балалардың пайдасына бағытталды, – деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram