Жаңалықтар

«Балаларды жалғыз жібермеңдер». Қарқаралыда адамдарға қасқыр шапты

«Балаларды жалғыз жібермеңдер». Қарқаралыда адамдарға қасқыр шапты
Фото: © Pixabay.com 21.12.2023 14:41 926

Қарағанды ​​облысы Қарқаралыда қасқыр адамдарға шабуылдап жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Жыртқыш аңнан үш адам зердап шегіп, ауруханаға жеткізілген. Бұл мәліметті Қарағанды ​​облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.

Бір тұрғынды бірнеше жерінен тістеген, екіншісінің жарақаты терең. Үшіншісінде тек сызаттар бар. Жағдайлары бірқалыпты, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді, - делінген басқарманың баспасөз қызметі хабарламасында.

Қарқаралыда қасқырдың адамдарға шабуыл жасағаны туралы, балаларды мектепке жалғыз жібермеу керегін ескерткен ақпарат әлеуметтік желілерде тараған еді.

Қарқаралы ауданының әкімдігі жағдай әкімнің жеке бақылауында екенін хабарлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға