Спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жас мөлшері белгіленді.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, елімізде 4-17 жас аралығындағы 5,1 миллионнан астам бала мен жасөспірім спортпен тұрақты түрде айналысады. Жарыстар спорттық дайындықтың маңызды бөлігі саналады және белгілі бір физикалық әрі психологиялық жүктемелерді қамтиды.
Осыған байланысты, 2023 жылғы шілде айында спорттық жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жас шегі бекітілді. Бұл шара балалардың денсаулығын қорғау және ерте жаста жарақат алу қаупін төмендетуге бағытталған.
Жас шектеулері спорт федерацияларының ұсыныстары негізінде, Денсаулық сақтау министрлігімен келісіліп, халықаралық стандарттарға сәйкес анықталды. Бұл талаптар тек жарыстарға қатысуға қатысты болып, балаларды спорт мектептері, үйірмелер және спорт резервін даярлайтын мекемелерге қабылдауға қатысты шектеулерді қамтымайды.
Жас ерекшеліктеріне байланысты қойылған шектеулер жөніндегі толық ақпарат төмендегі кестеде көрсетілген.