Жаңалықтар

Балабақшаға шабуыл жасалды: алты адам көз жұмды

Балабақшаға шабуыл жасалды: алты адам көз жұмды
Фото: ©AP/Andy WONG 10.07.2023 13:30 1044

Қытайда қолына пышақ ұстаған ер адам балабақшада бірнеше адамды өлтірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Балабақшаға жасалған шабуыл салдарынан алты адам көз жұмып, тағы біреуі ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Жантүршігерлік оқиға Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Гуандун провинциясындағы балабақшада болды.

Қайтыс болғандардың ішінде бір мұғалім, екі ата-ана мен үш бала бар. Полиция қылмысты жасады деген күдікпен 25 жастағы Ву деген азаматты ұстады. Ол оқиға болған соң араға 20 минут салып қолға түсті. Тәртіп сақшылары оның мұндай әрекетке әдейі барғанын жазуда.

Қытайда зорлық-зомбылық қылмыстары сирек болады. Дегенмен соңғы жылдары пышақпен жарақаттау жағдайлары күрт артқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға