Жаңалықтар

Балабақшаларды лицензиялауда қандай талаптар қойылады?

Мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларға бірдей талап қойылатын болады.
Балабақшаларды лицензиялауда қандай талаптар қойылады?
Фото: elorda.info 18.08.2022 16:50 1045

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен «Білім сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі» тақырыбында панельдік сессияның жалпы отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz.

Отырыс барысында министр жекеменшік балабақшаларға лицензиялауды мәжбүрлі түрде енгізу жоспарланып отырғандығын айтты.

Оның айтуынша, балабақшаларды аттестациядан өткізу кезінде үстінен өтіп қана қоймай, жалпы қажетті критерийлерді ескеру керек. Лицензиялауды енгізу кезінде мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларға бірдей талап қойылатын болады. Басты міндет – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды төмендетпеу.

«Мектепке дейінгі ұйымның ғимараты міндетті түрде меншікте болу керек деген талап жоқ. Бірақ, балаларды терезесі жоқ жертөледе тәрбиелеуге де жол берілмейді, яғни оларға өте қолайлы жағдай жасау керек. Балабақшалар орындай алатын талаптар қойылады. Айтарлықтай қатаң шаралар болмайды», – деді министр.

Сондай-ақ отырыста педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіру, оқытушылардың біліктілігін арттыру жолдарына талдау жүргізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға