Жаңалықтар

Бахтиёр Зайнутдинов «Бешікташ» сапында үздік деп танылды

Бахтиёр Зайнутдинов «Бешікташ» сапында үздік деп танылды
Фото: instagram.com/bateka_11 18.01.2024 15:26 713

Түркиялық «Бешікташ» футбол клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бактиер Зайнутдиновты матчтың үздік ойыншысы ретінде ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зайнутдинов Түркия кубогының 1/16 финалдық кезеңінде ойнады. Отандасымыз аталған матчта орталық қорғаушы позициясында өнер көрсетті.

Ойын аяқталған соң, матчтың үздік ойыншылары қатарына Бахтиердің «Бешікташ» сапындағы әріптестері Анте Ребич, Рашид Геззала және Дженк Тосун енді.

Айта кетейік, соңғы матч Зайнутдиновтың Түркиялық клубқа өткен жылы ауысқан болатын. Ол, «Бешікташ» жейдесінде барлық турнирлерді есептегенде 24 кездесуге қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға