Жаңалықтар

Бахтиер Зайнутдиновтің "Бешикташтағы" жалақысы анықталды

Бахтиер Зайнутдиновтің "Бешикташтағы" жалақысы анықталды
Фото: "Бешикташ" ФК 03.01.2024 12:50 1007

Түркияның "Бешикташ" клубындағы легионерлердің жалақысы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олардың арасында қазақстандық жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов те бар.

Footbal Critix мәліметінше, жерлесіміз жылына 1,2 млн еуро табыс табады. Бахтиер Зайнутдинов пен "Бешикташ" арасындағы келісімшарт 2027 жылға дейін жасалған. Ал клубтағы ең жоғары жалақы камерундық шабуылшы Винсен Абубакарға тиесілі – жылына 3 млн еуродан астам.

Зайнутдинов түрік клубына былтырғы тамызды Мәскеудің ЦСКА клубынан ауысты. Трансфер құны отандық футбол үшін рекордты жаңартты – 4,5 млн еуро.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға