Жаңалықтар

Бахтиер Зайнутдинов «Зенит» клубына ауысады

Бахтиер Зайнутдинов  «Зенит» клубына ауысады
Фото: instagram.com/bateka_11 13.06.2024 14:00 484

Санкт-Петербургтің «Зенит» Түркияның «Бешикташпен» екі трансфер бойынша, соның ішінде Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бахтиер Зайнутдинов бойынша да келісімге келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Sabah Spor мәліметінше, «Зенит» Бахтиер Зайнутдинов пен Жедсон Фернандешті  23,5 млн еуроға сатып алмақ. Жедсон үшін 17+2 млн еуро, Зайнутдинов үшін 4,5 млн еуро төлейді.

26 жастағы Зайнутдинов өткен маусымда ыстамбұлдық команда сапында 42 матч өткізіп, екі рет гол соққан және бір рет нәтижелі пас берген.

25 жастағы Фернандеш болса 45 матчқа қатысып, үш гол соқты және алты рет нәтижелі пас берді.

Еске салайық, Бақтиер Зайнутдинов «Бешикташқа» 2023 жылы жазда мәскеулік ЦСКА-дан ауысты. Түріктер қазақстандық футболшы үшін 4,5 млн еуро төлеген болатын. Оның келісімшарт мерзімі 2026/27 маусымның соңына дейін деп көрсетілген.

«Зенит» сапында тағы қазақстандық футболшы Нұралы Әліп ойнайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға