Жаңалықтар

Бахтиер Зайнутдинов бірер күнде «Бешикташқа» ауысуы мүмкін – БАҚ

Бахтиер Зайнутдинов бірер күнде «Бешикташқа» ауысуы мүмкін – БАҚ
Фото: Instagram/pfc_cska 28.07.2023 23:04 932

Қазақстан құрамасы мен Мәскеудің ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов алдағы күндері «Бешикташпен» келісімшартқа қол қою мүмкін, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

Қазір «Бешикташ» пен ЦСКА арасында Бахтиер Зайнутдиновтің трансферіне қатысты келіссөздер жүріп жатыр. Түркия клубы ойыншыны бір-екі күннен кейін Ыстамбұлға әкелуді жоспарлап отыр, - деп жазды Түркияның жетекші спорттық басылымы TRT Spor.

Естеріңізге сала кетейік, түрік және Ресей клубтары қазақстандық футболшыға қатысты келіссөздер жүргізуде. ЦСКА Бахтиер үшін 7 миллион еуро талап етіп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға