Жаңалықтар

Бағдаршамда қызыл жанып тұрғанда көліктен шығып билеген қыз айыппұл төлейді

Бағдаршамда қызыл жанып тұрғанда көліктен шығып билеген қыз айыппұл төлейді
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 19.07.2023 11:30 521

Шымкент полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде өрескел құқық бұзушылық жасалған бейнежазбаны тауып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда блогер қыз қиылысқа тоқтаған көліктен шығып, билей бастаған. «Шоуды» қыздың өзі және көлікте қалған ер адам тікелей эфирде көрсеткен. 40 секундқа созылған қойылымды бағдаршамның жасыл түсі мен қозғалыстағы көліктердің сигналы үзді. Заң бұзушы олардан қашып, жолдың шетіне қарай жүгірді.

Патруль полиция полкінің инспекторлары қыздың кім екенін анықтады. Ол - Қызылорда облысының тұрғыны. Азаматша ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, аталған видео әлеуметтік желіде таралып кеткен болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға