Алматы әкімі Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде азық-түлік инфляциясы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ерболат Досаев бұл маңызды мәселе әрі қала әкімдігі үшін басты міндет екенін атады. Негізгі өнім бағасының қымбаттауына шектеу қою мен тұрақтандыру күзде басталды. Маусымаралық кезең үшін арнайы шарт жасалды.
«Алматыда бағаны тұрақтандыруға 15 млрд теңге көлемінде ең көп қаржы бөлінді. Көктемде наурыз айының ортасынан бастап біз алғашқы жеткізілім келеді. Бұған қоса, Ақсу қант зауытымен 2,6 млрд теңгеге шарт жасастық. Жазда қант бағасы өспейді деп ойлаймын. Нанның бағасы бұрынғыдай қалады, өйткені біз оны субсидиялаймыз, жергілікті бюджеттен қосымша ақша бөлдік», - деді әкім.
Ерболат Досаев азық-түлікке жатпайтын тауарларға, соның ішінде жалпы геосаяси жағдайға және жеткізу тізбегінің бұзылуына байланысты бағалардың өсіп келе жатқанын жеткізді.
Бағаны тұрақтандыру: Алматыға 15 млрд теңгеге азық-түлік жеткізіледі
Оқи отырыңыз
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?