Жаңалықтар

«Бақытты бала» жобасы

«Бақытты бала» жобасы
04.04.2018 06:16 2272

Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев 2018 жылды «Бақытты бала» жылы деп жариялады. Облыс бойынша «Бақытты бала» жобасын жүзеге асыру мақсатында күллі өңірлерде өскелең ұрпақтың тілектері мен қызығушылықтарын ескере отырып, түрлі салаларда әр түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Осы жобаны қолдау мақсатында 4-ші сәуір күні 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Ақтөбе облысы әкімі аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ Ақтөбе қаласының мектеп оқушыларына Ақтөбе облысының ҚХА мұражайына саяхат ұйымдастырды.

№ 17,20,23,25,48 мектептерінің орта буынының 300 оқушылары этномәдени бірлестіктерінің мұражайдың экспозициясымен танысты.

Балалар мұражайдағы өңірдегі түрлі этностардың өзіндік мәдениеті мен тұрмыстары туралы танысып, әсіресе, XIX ғасырдағы Қазақ жеріне қоныс аударушылардың тұрмыстық заттарына қызығушылық танытты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға