Жаңалықтар

Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаймын - Президент

Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаймын - Президент
14.07.2022 11:21 1905

Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды El.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялады. 

– Біз қант импортына 90 пайыз тәуелдіміз. Бұл жерде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы шешімге сілтей салуға болады. Бірақ қандай жағдай болсын, бұл Үкіметтің елеулі қателігі. Демек, мемлекеттің мүддесін қорғай алмадық. Сондықтан министрлер Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаймын, – деді Президент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға