Жаңалықтар

«B2B Ювелир» қаржы пирамидасына алданғандардың ақшасы қайтарылып жатыр

Бұл туралы ҚМА мәлім етті
«B2B Ювелир» қаржы пирамидасына алданғандардың ақшасы қайтарылып жатыр
Фото: atr.kz 16.01.2023 21:26 747

Атышулы «B2B Ювелир» қаржы пирамидасына алданған салымшылардың ақшасы қайтарылып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының экономикалық тергеу департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгінде 230 адамның 300 миллион теңгеден аса қаржысы өтелген.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды ақшаны инвестициялау кезінде компанияның құжаттарын тексеріп, сәйкес органдарда тіркеудің бар-жоғын тексеруді сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға