Бүгін керлингтен іріктеу кезеңдері басталып кетті
![Бүгін керлингтен іріктеу кезеңдері басталып кетті Бүгін керлингтен іріктеу кезеңдері басталып кетті](/storage/storage/element/2024/04/18/mainphoto/99519/1200xauto_BenGWkXiXXJ5BIDlqjcPTsGH353cbnS06HM6J6tA.jpg)
02.02.2022 11:32
1777
Бүгін Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы бәсекесі басталды, деп жазады Olympic.kz.
2 ақпан күні керлингтен дабл-микст бойынша топтық кездесулер өтті.
Бірінші жарыс күнінде Ұлыбритания мен Швеция, Австралия мен АҚШ, Норвегия мен Чехия, Қытай мен Швейцария арасында матчтар ұйымдастырылды.
Керлингтен дабл-микст бойынша он құрама команда жүлдеге таласады. Бірінші айналымнан соң төрт үздік команда жартылай финалға жолдама алады.
Финал және қола медаль үшін кездесу 8 ақпанға жоспарланған.
baq.kz
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz/static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Жүрек ауруының негізгі белгілері
Келесі жаңалық
Жамбыл өңірінде алғашқы ревматологиялық орталық ашылды