Жаңалықтар

Бүгін елордада 4 автобустың бағдары өзгереді

Өз бағдарларыңызды алдын-ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.
Бүгін елордада 4 автобустың бағдары өзгереді
Фото: ашық дереккөзден 01.09.2022 07:30 1123

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты елордадағы 4 автобустың жүру бағыты уақытша өзгерді. Бұл туралы «City Transportation Systems» компаниясы өзінің Іnstagram-дағы ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды EL.KZ.

Құрметті жолаушылар! Жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, № 35, 36, 45, 305 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Өз бағдарларыңызды алдын-ала жоспарлауларыңызды сұраймыз, - деп мәлім етті «CTS» компаниясынан.

Еске салайық, бұған дейін Қабанбай батыр даңғылында жөндеу жұмыстарына орай № 10, 12, 314 автобус бағдарлары уақытша өзгергенін хабарлап едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға