Жаңалықтар

Азық-түлік бағасының қымбаттауы тікелей электр энергия тарифтердің өсуіне байланысты

Азық-түлік бағасының қымбаттауы тікелей электр энергия тарифтердің өсуіне байланысты
Фото: El.kz 16.02.2023 18:11 668

Отандық азық-түлік бағаларының қымбаттауы тікелей электр энергия тарифтердің өсуіне байланысты. 2015 жылдан бері тариф 50%-ға өсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Степногорскта өндірілетін қияр бағасы, Өзбекстаннан келетін өнім бағасынан қымбат. Мұның басты себебі коммуналдық қызметтердің өсуінен деп мәлімдеді «Мерей» көтерме сауда орталығының директоры Нұрлан Нұрмағамбетов.

«Электр энергияға төлейтін тарифтер 24 теңгеге жетті, оған қоса НДС салығы болады. Шығын көбейген сайын, өнім бағасы да қымбаттауда. 2021 жылы тариф 0,6%-ға түскен, бұл да аздық етеді. Тарифтерді системалық түрде қайта қарастыру жұмыстары жүргізіліп, түңгі және күндізгі тарифтер төлемі белгіленбек», - деді ол.

Айтуынша, түнгі ауысым тарифі жеңілдетілген жүйе бойынша есептелінетін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға