Жаңалықтар

Қазнетке бүгін тағы кибершабуыл жасалды

Интернеттің қазақстандық бөлігіне бірнеше күннен бері кибершабуыл жасалып жатыр
Қазнетке бүгін тағы кибершабуыл жасалды
Фото: ortcom.kz 29.09.2022 14:10 1050

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Қазнетке бүгін тағы кибершабуыл жасалғанын жария етті, деп хабарлайды El.kz

«Мемлекеттік техникалық қызмет» бүгін таңертең Қазнетке ауқымды кибершабуылдың тағы да тіркелгенін хабарлайды. Мұндай жайт еліміздің барлық өңіріндегі интернетке қосылу жұмысына кері әсерін тигізеді. Қазіргі уақытта «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ техникалық мамандары қауіп-қатерді жою жұмыстарын жүргізіп жатыр», - делінген аталған қызметтің желідегі парақшасында жарияланған ақпаратта. 

Еске сала кетейік, интернеттің қазақстандық бөлігіне бірнеше күннен бері кибершабуыл жасалып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға