Жаңалықтар

Азия пара ойындары: қазақстандық екі спортшы күміс жүлдеге қол жеткізді

Азия пара ойындары: қазақстандық екі спортшы күміс жүлдеге қол жеткізді
Фото: Туризм және спорт министрлігі 24.10.2023 09:41 775

Ханчжоу қаласында (Қытай) өтіп жатқан Азия пара ойындарында VL3 санатында параканоэ есуден қоржынға медаль түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық спортшы Бибарыс Спатай күміс жүлдегер атанды. Жерлесіміз өзбекстандық Хайтмұрот Шеркузиевтен небәрі 0,463 секундқа қалыс қалды. Ал үшінші орынды қытайлық Пу Йи (+1,010) иеленді.

Қазақстандық үшін бұл осы ойындардағы екінші медаль болды. Бір күн бұрын ол KL2 санатында да күміс жүлдегер атанған.

Сонымен қатар Жалғас Тайкенов пара каноэдан 43,369 секунд нәтижесімен екінші орынды иеленді.

Әзірге Қазақстан құрамасының еншісінде Азия пара ойындарында 10 медаль бар – екі алтын, төрт күміс және төрт қола.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға