Жаңалықтар

Азия ойындарының жүлдегерлеріне 288 млн теңге сыйақы төленеді

Азия ойындарының жүлдегерлеріне 288 млн теңге сыйақы төленеді
Фото: Сали Сабиров 08.10.2023 21:16 646

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан 80 медаль жеңіп алды. Енді оларға қанша сыйақы төленетіні анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан 10 алтын, 22 күміс және 48 қола медаль иеленді. № 1345 үкімет қаулысында Азиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне берілетін сыйақы мөлшері көрсетілген. Оған сәйкес:

- алтын медаль алғандарға 10 000 доллар;

- күміс медаль алғандарға 5000 доллар;

- қола медаль алғандарға 3000 доллар беріледі.

Сонымен қатар чемпиондар мен жүлдегерлердің жаттықтырушыларына да тиісінше 5000, 3000 және 2000 доллар сыйақы төленеді. Ал командалық сайыс түрлерінде әрбір спортшыға жеке-жеке сыйақы беріледі.

Жалпы, Азия ойындарының чемпиондары 140 мың доллар сыйақыға ие болады. Күміс жүлдегерлер 175 000, қола жүлдегерлер 291 мың доллар. Яғни спортшыларға кемі 606 000 доллар, яғни 288 миллион теңге сыйақы қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға