Жаңалықтар

Азия ойындарының қарсаңында Қазақстан туы көтерілді

Азия ойындарының қарсаңында Қазақстан туы көтерілді
Фото: ҚР ҰОК/ ©Сабиров Сали 21.09.2023 14:28 734

Бүгін Қытайдың Хуанчжоу қаласында өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан туы ресми түрде көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Шара атлеттер ауылында болды. Оған Қазақстан ұлттық құрамасы мен ұйымдастыру комитетінің мүшелері, еріктілер қатысты. Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.

Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан құрамасы осымен сегізінші рет Азия ойындарына қатысқалы отыр.

Азия ойындарының қарсаңында Қазақстан туы көтерілді

Азия ойындарының қарсаңында Қазақстан туы көтерілді

Сары құрлықтың басты бәсекесі 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын жарысқа еліміздің атынан 524 атлет қатысады. Олар 30 спорт түрінен 305 медаль үшін таласады.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Азия ойындарының қарсаңында Қазақстан туы көтерілді

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға