Жаңалықтар

Азия ойындарында Париж Олимипадасына жолдама бұйырды

Азия ойындарында Париж Олимипадасына жолдама бұйырды
Фото: © Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫ 24.09.2023 10:05 581

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында қазіргі бес сайыстан Елена Потапенко Париж Олимпиадасының жолдамасын еншіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ережеге сәйкес лицензия алғашқы бес спортшыға беріледі.

Қазіргі бессайыс бойынша жеңімпаз бен жүлдегер бес бағдарламаның қорытындысы бойынша анықталады. 
Бастапқыда спортшылар семсерлесу, жүзу және атқа шабу бойынша мықтыларды анықтайды және үш жарыста өнер көрсеткені үшін ұпайлардың қосындысы негізінде қатысушылардың соңғы екі жарысты қандай ретпен және қандай уақыт айырмашылығымен бастайтыны есептеледі. Сөйтіп финалдық кезеңде лазерлік мылтықтан ату және жүгіруден бақ сынасады.

Қазақстандық спортшы Елена Потапенко шешуші жекпе-жекке дейін 8-орында болды (атпен жарысудан бірінші, семсерлесу мен жүзуден 12-ші). 

Нысана көздеу және жүгіру кезінде ол үздік алтылыққа енді. Сөйтіп, жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады. Отандасымызға Париж Олимпиадасының жолдамасы бұйырды.
Бағдарламаның осы түрі бойынша Азия ойындарында өнер көрсеткен өзге қазақ қыздары Людмила Яковлева -10, Кристина Рябова -18, Анастасия Кочеткова - 16 орындарға тұрақтады.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға