Жаңалықтар

Азия ойындарына баратын боксшылар құрамы анықталды

Азия ойындарына баратын боксшылар құрамы анықталды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 25.08.2023 13:45 1084

Бокстан Ханчжоуда өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарына баратын ұлттық құрама анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Мырзағали Айтжанов бастаған ұлттық құрама бапкерлері Азиада төрінде ел намысын қорғайтын боксшылардың тізімін атады. Олар: Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Сағындық Тоғамбай (92 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі). 

Айта кетейік, бокстан ұлттық құрама Ташкентте өткен әлем чемпионаты мен Астанада өткен Elorda Cup турнирінің нәтижесінде жасақталды. Ханчжоудағы жазғы Азия ойындары 23 қыркүйек күні басталып, 8 қазанға дейін жалғасады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға