Жаңалықтар

Азия чемпиондары мен жүлдегерлері елге оралды

Чемпионат 18-26 қаңтарда Бангкокта өткен болатын
Азия чемпиондары мен жүлдегерлері елге оралды
Фото: inform.kz 29.01.2023 08:40 1168

22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алған бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Таиландтан тікелей рейспен Қазақстанға оралды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.   

Сары құрлық бəсекесінің жүлдегерлерін əуежайдан Қазақстан бокс федерациясының өкілдері, туыстары, достары, журналистер мен жанкүйерлер сəн-салтанатымен күтіп алды.

Бүгін елдегі жанкүйерлер әдеттегідей өте жақсы қарсы алды. Ұзақ уақыт жолда болып, жарыстан шаршаған боксшылардың көңіл күйі көтеріліп қалды. Біз халықтың боксты əлі де жақсы көретінін сездік. Мұнымен тоқтап қалмаймыз, алда әлі көп жұмыс бар. Əуелі халықтың, сосын мемлекет пен федерация қолдауының арқасында отандасымызды тағы қуантамыз, деп сенемін, - деді Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

Бокстан Азия чемпионатының медальдар кестесінде Қазақстан 2-орынға табан тіреді. 

Құрама сапынан Санжар Тәшкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Махмуд Сабыржан (57 келі) чемпион атанды.

Ал, Абзал Серік (67 келі), Сабыржан Аққалыков (71 келі), Диас Молжігітов (75 келі) күміс медаль иеленді.

Ел құрамасынан Талғат Сырымбетов (60 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі), Ерасыл Жакпеков (80 келі), Ерхат Бекзат (92 келі), Аманат Сабырғали (92 келіден жоғары) қола жүлдені қанағат тұтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға