Жаңалықтар

Азия чемпионаты: көркем жүзуден Қазақстан құрамасы үздік шықты

Азия чемпионаты: көркем жүзуден Қазақстан құрамасы үздік шықты
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 04.03.2024 09:18 458

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы 1 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында ұлттық құрама қоржыны бір алтын медальмен толықты. ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, көркем жүзуден Қазақстан құрамасы (13-15 жас) аралас топтық сайыста чемпион атанды. 

Команда құрамында Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадуллина, Анжелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Жаманчалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирёва, Аяулым Жақпаева, Перизат Багаева өнер көрсетті. 

Көркем жүзу. Қыздар. Аралас топтық сайыс

Қазақстан - 204.6708 ұпай

Өзбекстан - 183.5552

Таиланд - 124.9374

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға