Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалға өтті

 Бокс федерациясы
Фото: Бокс федерациясы

Отандық спортшы Дулат Бекбауов Азия чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

67 келідегі боксшымыз бүгін тайпейлік қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті. Дулат Бекбауовтың келесі жекпе-жегі 4 желтоқсан күні өтеді. Отандасымыз Малайзия спортшысымен жұдырықтасады. 

Оқи отырыңыз