Жаңалықтар

Әзірбайжаннан жылына 14 мың тонна жеміс пен көкөніс келеді

Қазақстаннан Әзірбайжанға экспорттың көлемі шамамен 200 мың тоннаны құрайды
Әзірбайжаннан жылына 14 мың тонна жеміс пен көкөніс келеді
Фото: vsegda-pomnim.com 11.01.2023 11:50 1094

Бұл туралы Мәжілістің отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мәжіліс депутаттары отырыста Қазақстан Үкіметі мен Әзербайжан Үкіметі арасындағы өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім заң жобасын ратификациялап, Сенатқа жолдады. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев аталған заң жобасы карантинге жатқызылған өнiмді әкелу кезінде фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша өзара іс-қимылды нығайту болып табылатындығын айтты.

«Келісімді радификациялау бойынша карантинге жатқызылған өнімді ауыстыру кезінде елдеріміздің саламатты фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамыз ету мақсатында одан әрі ынтымақтастықты дамыту мыңызды. Бүгінгі күні Қазақстаннан Әзірбайжанға экспорттың көлемі шамамен 200 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде негізгі өнімдер дәнді-дақылдар арпа, сұлы болса, экспортқа шығарылатын өнімнің көп бөлігін күріш пен бұршақ дақылдары құрайды», – деді министр.

Өз кезегінде Әзірбайжан мемлекетінен Қазақстан аумағына жылына шамамен 14 жарым мың тонна жеміс және көкөніс өнімдері келетіндігін тілге тиек етті.

«Әзірбайжаннан келетін импорт негізінен алма, алмұрт, анар, жүзім және цитурс жемістерінің әр түрінен тұрады. Елдер арасында орын ауыстырылатын карантинге жатқызылатын өнімнің үлкен көлемін ескере отырып, тараптардың аумағына карантиндік объектілердің ену қаупі бар. Олардың таралуы екі ел аралығындағы фитосанитарлық жай-күйіне кері әсер етеді», – деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға