Жаңалықтар

Азиада: Велотректен ерлер құрамасы қола жүлдегер атанды

Азиада: Велотректен ерлер құрамасы қола жүлдегер атанды
Фото: Туризм және спорт министрлігі 29.09.2023 23:04 451

Велотректен ерлер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Велотректен мэдисон бағдарламасы бойынша сынға түскен Қазақстанның ерлер құрамасы (Артем Захаров, Рамис Дінмұхамедов) финалда 3-орыннан көрінді. 

Алтын медаль Жапония құрамасында (54 ұпай), күміс медальді Оңтүстік Корея спортшылары ( 54 ұпай) алды, ал Қазақстан құрамасы 37 ұпаймен үштікті түйіндеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға