Жаңалықтар

Азиада. Надежда Дубовицкая қола жүлдені иеленді

Азиада. Надежда Дубовицкая қола жүлдені иеленді
Фото: instagram.com/dubovitskaya_nadya 03.10.2023 19:11 619

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық биіктікке секіруші Надежда Дубовицкая үздік үштікке ілікті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық жеңіл атлет Азиядағы басты фавориттердің бірінен саналғанымен, 1 метр 86 сантиметрді бағындырып, қола жүлдені қанағат тұтты.

Алтын және күміс медаль өзбекстандықтар Сафина Садуллаева мен Светлана Радзивильдің еншісінде кетті.

Тағы бір қазақстандық Кристина Овчинникова 1,83 метр нәтижемен төртінші орынға табан тіреді.

Биыл Азия ойындарында Надежда Дубовицкая Қазақстан бокс құрамасының капитаны Асланбек Шымбергеновпен бірге ту көтеріп шыққан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға