Азия ойындары-2026: байрақты бәсекеде каратэден ел намысын кімдер қорғайды?

Азия ойындары-2026: байрақты бәсекеде каратэден ел намысын кімдер қорғайды?
Фото: ҰОК

Қазақстан каратэ федерациясы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Аичи-Нагояда (Жапония) өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.

 Азия ойындарында каратэ бәсекелері 20-23 қыркүйек аралығында өтеді. Соған орай ұлттық құрама тізімі бекітілді. 

Ерлер:

55 келіге дейін: Жоламан Биғабыл

67 келіге дейін: Олжас Алтынбек

75 келіге дейін: Нұрқанат Әжіқанов

Әйелдер: 

55 келіге дейін: Бэлла Самашева 

61 келіге дейін: Әсел Қанай

68 келіден жоғары: Софья Берульцева

Каратэшілер Ханчжоуда қандай нәтиже көрсетті?

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен XIX жазғы Азия ойындарында отандық каратэшілер 3 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Барлық салмақта жүлде алып, сенсация жасады.  Қайсар Алпысбай (60 кг), Нұрқанат Әжіқанов (75 кг), Софья Берульцева (+68 кг) алтыннан алқа тақты. Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) мен Данияр Юльдашев (84 кг) күміс жүлдегер атанды. Әсел Қанай (61 кг) мен Дидар Әмірәліге (67 кг) қола медаль бұйырды. 

Биыл тізімге көз жүгіртсеңіз, бас бапкер кей салмақта ғана өзгеріс жасаған. 55 келіге дейінгі салмақта Бэлла Самашеваға мүмкіндік берген. Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта Жоламан Биғабыл мен 67 келіде Олжас Алтынбек жүлдеге таласып көреді.

Бір қызығы, Ханчжоуда ерлі-зайыпты Мөлдір Жаңбырбай мен Дидар Әмірәлі жүлдегер атанған еді. Қазір атақты каратэші Мөлдір Жаңбырбай қысқа үзілістен соң татамиге оралды.

Оқи отырыңыз