Әлижан Аблағатов Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында ушудан алғашқы медальді жеңіп алды.
Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ушудан жартылай финал жекпе-жектері өтіп жатыр. 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әлижан Аблағатов ирандық Мохаррами Пирагоммен финал жолдамасын сарапқа салды. Отандық спортшы барын салғанымен, жекпе-жек қарсыластың пайдасына шешілді.
Осылайша, Әлижан Аблағатов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл - Қазақстанның ушудан Азия ойындарындағы алғашқы медалі.
Сондай-ақ 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Абдурашид Абдуллаев Азия ойындарының алтыны үшін айқасады. Ол жартылай финалда Тайбэй өкілі Хуан Жангпен кездесіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Ертең отандасымыз финалда Иран өкілі Сохеил Мусавимен кездесіп, жүлдеге таласады.
Ханчжоуда қанша жүлде түсті?
2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында ел құрамасы атынан ушу-саньда спорт түрінен 5 спортшы сынға түсті. Әйелдер арасында 52 келіде өнер көрсеткен Аян Тұрсын қола жүлде жеңіп алды. Одан бөлек мынадай спортшылар ел намысын қорғады:
- Кәрім Иминжанов ( 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесі )
- Абдусамат Аширов ( 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесі)
- Нұрсұлтан Измурзаев ( 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесі)
- Шохзод Ташполатов ( 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесі)