Жаңалықтар

Әзербайжан президенті Тоқаевқа алғысын білдірді

Әзербайжан президенті Тоқаевқа алғысын білдірді
Фото: t.me/aqorda_resmi 03.11.2023 13:05 1282

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Фезулидегі шығармашылық орталық құрылысына көмектескені үшін Қазақстан мен Өзбекстанға алғысын білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның Әзербайжанға сыйлаған, құрылысы жүріп жатқан Фезулидегі шығармашылық орталық үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Мұның бәрі Әзербайжан мен Өзбекстан, Әзербайжан мен Қазақстан халықтары арасындағы достығымызды, бауырластығымызды көрсетеді. Біз ұлы түркі әлемінің бір бөлігіміз және біздің достығымыз бен бауырластығымыз жалғаса беретініне сенімдімін, - деді Ильхам Әлиев.

Айта кетейік, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға үшінші рет келіп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға