Жаңалықтар

Әзербайжан мен Армения Алматыда келіссөздер жүргізеді

Әзербайжан мен Армения Алматыда келіссөздер жүргізеді
Фото: ©Pixabay.com 29.04.2024 11:07 601

Әзербайжан мен Армения СІМ басшылары Алматыда кездеседі. Бұл туралы Әзербайжан президенті Ильхам Алиев АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлескенде мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әзербайжан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, телефонмен сөйлесу 28 сәуір күні АҚШ бастамасымен өткен. Как сообщили в пресс-службе президента Азербайджана, телефонный разговор состоялся 28 апреля по инициативе американской стороны. Алиев екі елдің делимитация жөніндегі комиссиялары қол жеткізген уағдаластық диалог пен өзара түсіністік жағдайында екіжақты негізде жүргізілген талқылаулардың нәтижесі болып табылатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері жақын арада Алматыда бейбітшілік шарты бойынша келіссөздерді жалғастыру үшін кездесетінін айтты, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға