Жаңалықтар

Азаптауға қатысты істі тек прокуратура органдары тергейді

Қаңтар оқиғасына қатысты Мәжіліс депутатының сауалына Бас прокуор мен ІІМ жауап берді
Азаптауға қатысты істі тек  прокуратура органдары тергейді
Фото: 24.kz 05.01.2023 12:20 1734
Мәжілістің жалпы отырысында Мәжіліс депутаттары азаптау фактісіне қатысты сауал қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай азаптау фактісі бойынша қылмыстық істердің бәрі сотқа жолданбағанын және айыптаудан бас тартудың себебі мен адам құқықтарының осыған ұқсас бірлі-жарлы бұзылуының алдын алуы үшін не істелгенін сұрады.
 
Бас прокурор Берік Асылов азаптау туралы қылмыстық істердің басым бөлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте тергелгенін атап өтті.
 
«Ал прокурорлар неғұрлым резонанысты және адам өлген қылмыстық істерді қарады. Оның саласында полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комиеттінің 34 қызметіне қатысты істі тергеді. Алматы облысы полиция ғимаратынан 24 адам азаптау фактісі туралы істі біз сотқа жолдадық. Өндірістегі азаптау істері бойынша айыптаудан бас тартқан фактілер жоқ болды. Барлығын тергеп, сотқа жолдап отырмыз. Биылдан бастап азаптауға байланысты істі тек қана прокуратура органдары тергейтін болады. Бұл Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы. Бүгінде 33 колонияға бейнекамералар орнатылды. Бұл жерде тергеудің қалай өтіп жатқанын және қылмыскерлердің не істеп жатқанын көріп отырамыз», - деді Бас прокурор.
 
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов бұл мәселеге қатысты шаралар қабылданып жатқанын айтты.
 
«Ішкі істер органдарына түсіп жатқан арыз-шағымдар объективті тергеу болсын деп прокурор арқылы арнайы прокурорға және сыбайлас жемқорлық іс-қимыл агенттігінің өндірісіне берілді. Мұндай жағдайды болдырмау үшін біраз іс шаралар қабылданып жатыр», - деді ІІМ.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға