Жаңалықтар

Қазан қаласында Алматы облыстық ҚХА мен Татарстан Достық үйі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Қазан қаласында Алматы облыстық ҚХА мен Татарстан Достық үйі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
14.09.2018 10:13 1989

 

Қазан қаласында Алматы облыстық ҚХА мен Татарстан Достық үйі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай бастаған бір топ делегация Қазан қаласында облып қайтты.  

Шекара аймағындағы ынтымақтастық бойынша «Достықта жоқ шекара» халықаралық фестивалі аясында Татарстан астанасы Қазан қаласында Татарстан Достық үйімен екіжақты ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды.

Сонымен қатар сапар барысында дүниежүзі татарлары конгресінің өкілдерімен кездесу өткізіп, мың жылдық тарихы бар Қазан қаласын аралап, татар халқының рухани құндылықтарымен танысты.

Әлемге тарыдай шашылған татарлар саны шамамен 8 млн. болса, бес миллионнан астамы Татарстанда тұрады. Елдің тілін, тарихын, мәдениеті мен дәстүрін сақтау - Дүниежүзі татарлар конгресі ұйымының еншісінде.

Алматы облысы атынан барған делегацияны конгресс басшылары, Татарстан халықтар достығы үйінің директоры, Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің депутаты Ирек Шарипов, Татарстан халықтарының Ассамблеясы Кеңесі Атқару комитетінің төрағасы Николай Владимиров және Татарстан Республикасының қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Сағит Жақсыбаев қарсы алып, құрмет көрсетті.

Қазақстанда тұратын татарлармен рухани көпір орнатқан ұйым болашақта да екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға ниетті. Жетісулық  делегация  сапар барысында көне Қазан қаласының мәдени және рухани орындарын аралады. Кремль, Құл-Шәріп мешіті, Сүйінбике мұнарасы сынды тарихи ғимараттарда болып, Татар халқының бай мәдениетімен жақынырақ танысты.

Алматы облысы мен Татарстанның Достық үйлері өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Алматы облысында            70-тен астам этномәдени бірлестік тіркелсе, Татарстанда олардың саны 200-ден асады. Мақсаттары ортақ, бағыттары бір екі елдің Ассамблеясы болашақта қоян-қолтық жұмыс істеуге келісті.

Кездесу соңында Алматы облысы делегациясы шағын концерттік бағдарлама ұсынып,  халқымыздың қасиетті қара домбырасын  қазақ этномәдени орталығына тарту етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға