Жаңалықтар

Азаматтық форум: Астанада «Жергілікті бастамалар» байқауының жеңімпаздары анықталды

Азаматтық форум: Астанада «Жергілікті бастамалар» байқауының жеңімпаздары анықталды
Фото: Астана қалалық әкімдігі 13.10.2023 22:31 655

Елордада XI Азаматтық форум аясында өткізілген «Жергілікті бастамалар» әлеуметтік жобалар видео-конкурсының грант иегерлері мен жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, марапаттау рәсімі XI Азаматтық форум алаңында өтті, оған елорда мен өңірлердің үкіметтік емес ұйымдары, қоғам қайраткерлері, волонтерлік қоғамдастық мүшелері және қала әкімдігінің өкілдері қатысты.

Байқауға қатысқан видеороликтер ақпараттық және халықтың әртүрлі топтарының әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған болуы керек.

Жеңімпаздар:

«Семей ЯП» ҚҚ;
«Нұр әлем Қазақстан» ҚҚ;
«Оңалту технологиялары мен тұжырымдамаларының Қоғамдық Қоры»;
«Best For Kids» ҚҚ;
«Мама про» ҚҚ;
«Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ;
«Қазақстан корейлерінің жастар қозғалысы» ҚБ;
«Қара Шаңырақ» ҚБ;
«Strong mother NS» ҚҚ;
Склерозы бар мүгедек науқастардың қоғамдық бірлестігі.

Іріктелген 20 жұмыстың 10-ы 500 мың теңгенің сертификаттарына ие болды, қалған жұмыстардың авторларына естелік сыйлықтар табысталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға