Жаңалықтар

Азаматтық авиация академиясы Еуропадағы №1 авиациялық жоғарғы оқу орнымен кездесті

Азаматтық авиация академиясы Еуропадағы №1 авиациялық жоғарғы оқу орнымен кездесті
Фото: gov.kz 18.11.2023 07:26 580

Азаматтық авиация академиясының делегациясы Еуропадағы №1 авиациялық жоғарғы оқу орнында Тулуза қаласындағы (Франция) ENAC Ұлттық азаматтық авиация мектебімен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екі тарап өздерінің кадрларды даярлау, бірлескен ғылыми жобалар саласындағы ынтымақтастық туралы ниет білдіріп, тиісті меморандумға қол қою туралы келісім жүргізді.

Айта кетейік, ENAC Ұлттық азаматтық авиация мектебі (фр. École nationale de l ' aviation civile) - Француз жоғары авиациялық инженерлерді даярлау оқу орны. ENAC бүгінде Еуропадағы және бүкіл әлемдегі аэронавтика саласындағы негізгі көшбасшы болып табылады, оқу орны инженерия, ұшқыштық, аэронавигация салаларында мамандарды даярлау бойынша үздік оқу орталығы.

Бұл ICAO, IATA, EASA, ACI, FABEC сияқты халықаралық бағдарламалармен танылған әлемдегі жалғыз университет. ЖОО жалпы 30-дан астам бағдарлама бойынша бакалавриат магистратура және PhD деңгейлері бойынша оқытады. Сонымен қатар, ENAC ғылыми зерттеулер мен инновациялардың жаһандық мәртебелі жетекшісі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға