Жаңалықтар

Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды

Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі 12.04.2024 22:38 506

Париж Олимпиадасы лицензиясының иегері Азамат Дəулетбеков (86 кг) Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық құрама көшбасшысы финалда Олимпиаданың тағы бір иегері, өзбекстандық Джабраил Шапиевті жықты. Есеп: 5-2.

Бұл Азаматтың сары құрлық чемпионатындағы қатарынан 3-ші алтыны. Сонымен қатар ол тағы күміс (2017 жыл, Дели) және қола (2018 жыл, Бішкек) медаль жеңіп алған.

Күндізгі сессияда Азамат ирандық спортшы Хади Вайаейпураны ұпай санымен, сосын жартылай финалда қытайлық Пейлонг Лиді (11-0) таза жеңген.
Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдемен аяқтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға