Жаңалықтар

Қазақтың біртуар ұлы

Тұрар Рысқұлов – көрнекті қоғам қайраткері
Қазақтың біртуар ұлы
13.08.2021 11:50 9096

Тұрар Рысқұлов – мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақтың біртуар ұлы туралы жазылған естеліктерде жаман әдеттерден аулақ болған әрі темекі шекпейтін деп жазылыпты. Сондай-ақ ол кісі бильярд ойнағанды және жаяу жүргенді ұнататын. Өмірінің соңғы күндерін Мәскеуде өткізіп, жұртын аштықтан аман алып қалу үшін күрескен азамат. Көрнекті қоғам қайраткерінің өмірі мен қызметі туралы осы күнге дейін бірталай еңбектер жазылды. Солардың Қоңыратбаев О.М. «Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметінің күндерегі» атты еңбегін назарға ала отырып, Алаштың арда азаматы жайында мағлұматтарды ұсынуды жөн көрдік.

Тұрар Рысқұлов уездік кеңес сьезіне жиналып жатқан депутаттардың фракцияаралық мәжілісіне қатысады. Бұл күні де партиялар тең өкілеттік мәселесі бойынша өзара ымыраға келе алмай тарқасады.

Ол уездік атқару комитетіндегі большевиктер фракциясының құпия мәжілісін өткізеді. Мәжілісте сол күні таңертең болып өткен эсерлер партиясының уездік ұйымының мәжіліс қаулысы талқыланады. Эсерлер партиясының төрағасы Ерофеев уезде қалыптасқан күрделі саяси жағдайға қарамай партия мүшелерінің қарусыз қалғандығын, сондықтан оларға да қару беру керектігі туралы шешім шығартып, аткару комитетіне жолдаған болатын. Т. Рысқұловтың ұсынысымен мәжіліс уездегі эсерлер партиясы Б қатарын контрреволюциялық күштерден тазалау шараларын іске асырмайынша, бұл партия мүшелеріне қару беруге тыйым салу туралы шешім шығарады. Сондай-ақ мәжілісте Дмитриевка селосына орыс кулактарының бүлігін басу үшін қарулы жасақ аттандыру туралы құпия қаулы қабылданады (Дмитриевка селосына Әулиеата қаласына келіп жеткен Черняев уезінің әскери комиссары Белов пен командир Романенко басқарған Черняев уезінің қызыл әскер бөлімі аттандырылады.

Қазақтың біртуар ұлы

Тұрар Рысқұлов уездік кеңес сьезіне төрағалық жасайды. Уездік кенес сьезіне жиналып жатқан уезд большевиктерінің эсерлер партиясымен өткізген фракцияаралық мәжілістері ешқандай нәтиже бермегеннен кейін, солшыл эсерлермен ара-қатынас мәселесін талқылау үшін большевиктер ұйымының жеке сьезін шақырған болатын. Уездік кеңес сьезінің мандат комиссиясының тіркеуі бойынша депутаттардың 232-і большевиктер партиясының, ал 128-і солшыл эсерлер партиясының мүшесі екендігі анықталады. Сан жағынан екі есе аз болғандарына қарамастан солшыл эсерлер кеңес басшылығын сайлағанда және республикалық сьезге делегат жібергенде теңдей болуды талап еткен еді. Большевиктер солшыл эсерлердің бұл талабын заңсыз деп есептеді. “Сондықтан да большевиктер ұйымының төрағасы Хмелевский эсерлердің талаптары заңсыз екенін айтып ескерту жасайды және олар өз талаптарынан қайтпаған жағдайда депутаттық басым кворумға сүйеніп уездік кеңес сьезін өз беттерінше өткізетіндіктерін және республикалық сьезге үлгеру үшін уезд атынан баратын делегаттарды өздері тағайындайтынын мәлімдейді.

Оның төрағалығымен Әулиеата уездік жұмысшы, солдат, шаруа және қазақ депутаттарының II сьезі ашылады. Сьездің мәжілістері таңертеңгі 9-дан түнгі 12-ге дейін созылып, солшыл эсерлер партиясының текетіресінің кесірінен ертеңге қалдырылады.Сол күні большевиктер атынан Хмелевский Солькинге, ал солшыл эсерлер жетекшісі Ерофеев өздерінің Ташкенттегі Орталық Комитеттеріне шағымданған жеделхат жөнелтеді. Хмелевский: солшыл өздерінің саны большевик депутаттарының санынан аздығына байланысты съезд жұмысын түрліше сылтаулармен кідіртуге тырысуда., съезге келген большевик депутаттарының көпшілігі қазақ ауылдарынан келген кедейлер болғандықтан, олар қалада ұзақ тұруға қаражаттары жетпей өз ауылдарына қайтып кетеді де, екі партия фракциясының саны теңеседі деген үмітпен уездік съезді төрт тәулікке созып отыр. 

Қазір сьездің мандат комиссиясының мәліметі бойынша большевик депутаттары 232, ал солшыл эсерлер депутаттары 128. Бүгін солшыл эсерлер дауыс беру тәртібі бұзылды деген сылтаумен сьезд жұмысын тағы да тоқтатып тастады. Сондықтан большевиктер фракциясы республикалық VI кеңес сьезіне өз атынан 20 делегат сайлауға мәжбүр болды. Делегаттарға арнайы пойыз бөлуді сұраймыз, өйткені Жетісу делегаттары да бізбен бірге аттанады. Ал, Әулиеата солшыл эсерлер ұйымының төрағасы Ерофеев: сьезде большевиктердің мандат мәселесінде тәртіп сақтамай отыруына байланысты солшыл эсерлер партиясының өкілдері түнгі сағат 12-де сьезд залын тастап шыкты, келесі мәжіліс ертең сағат 9-да жалғасады. Бірақ солшыл эсерлер сьезд жұмысын бұздық деп мойындамаймыз. Сол күні солшыл эсерлер фракциялық мәжіліс өткізіп, уездік комиссарлар мен уездік атқару комитетінің құрамы туралы келіссөздер жүргізу үшін өз партиялары мен большевиктер арасында құрылатын келісім комиссиясына өкіл тағайындау туралы мәселені талқылайды. Комиссияға солшыл эсерлер атынан Жанұзақов, Палий, Малинский және Симаков сайланады. Егер аталған өкілдер болмай қалған жағдайда, оларды алмастыру үшін солшыл эсерлер партиясының мүшелері Қарабай Әділбеков пен Сизененко баратындығы туралы қаулы қабылданады.

Т. Рысқұловтың төрағалығымен уездік жұмысшы, солдат, шаруа және қазақ депутаттарының II сьезінің соңғы мәжілісі өтеді. Т. Рысқұлов уездік атқару комитетінің І сьезінен, яғни 10 маусымнан бергі қызметін баяндайды. Маусым айында Әулиеата қаласында өткен кеңестердің (уездік кеңес пен уездік қазақ депутаттары кеңесінің) бірлескен І сьезінің шешімдеріне сәйкес құрылған комиссариаттардың (халық ағарту, халык шаруашылығы, сауда және өнеркәсіп, қалалық коллегия, азық-түлік және т.б.) қызметіне талдау жасайды. Аталған комиссариаттарды басқаратын білікті мамандардың тапшылығына байланысты Т. Рысқұлов атқару комитетінің құрамынан кісілер тағайындауға мәжбүр болған еді. Депутаттардың бір бөлігі уездің алыстағы болыстарының жағдайымен танысу үшін ел ішінде жүрді. Атқару комитетінің мәжілістерін алғашында Хмелевский, сосын аз уақыт Ерофеев басқарады да, артынан төрағалық міндет толығымен Т. Рысқұловқа өтті. Т. Рысқұлов Ташкентке іссапармен барып қайтты. Т. Рысқұлов депутаттарға Ташкент қаласында өткен Түркістанның жергілікті кеңестері төрағаларының сьезінде қарастырылған мәселелер жайында мәлімет береді. 

Әулиеатаға оралған соң орыс кулактарының қысымымен атқару комитетінің осындағы мүшелері 10 тамызға крестьяндар сьезі аталып кеткен сьезді шақыруға келісім беріп қойғанын естігенін мәлімдейді. Уездің саяси жағдайы түсініксіз, қауіпті сипат алып отырған кезде қандай да бір сьезд ұйымдастырудың мүмкін еместігін, орыс кулактары ондай сьезді кеңес өкіметін құлату үшін пайдаланып қалуға жанталасып жатқанын, атқару комитеті сьезд өткізбеу туралы шешім шығарғаннан кейін орыс кулактары жасырын жағдайда «Покровка сьезін» өткізгенін, аталған сьездің атынан уездік крестьяндар сьезін 20 тамызда өткізуді талап еткенін, крестьян сьезіне жиналған орыс кулактарын әскер күшімен таратуға тура келгенін, наразы кулактар кеңес өкіметіне бағынғылары келмей Дмитриевка селосында қарулы бүлік ұйымдастырғанын, әскери күштің аздығына байланысты уездік атқару комитеті республика басшыларынан әскери көмек сұрағандығын, қауіпсіздік шаралары үшін тұрғындардың қарусыздандырылғандығын, Түрікаткомның талап етуімен осы уездік сьездің шақырылғанын, бұл сьездің басты міндеті атқару комитетінің құрамын қайта сайлау екендігін рет-ретімен баяндайды. Соңғы мәжілісте уездік комиссарлардың есептері тыңдалды .

Т. Рысқұлов Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезіне қатысу үшін Әулиеата уезі мен Жетісу облысының делегаттары үшін арнайы бөлінген пойызбен Ташкент қаласына келеді.

Т.Рысқұлов Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезіне жиналып жатқан большевиктер партиясы делегаттарының кешкі сағат 21%-де басталған фракциялық мәжілісіне қатысады. Мәжілісте Асхабад майданындағы жағдай, съезд Асхабамайданына делегация жіберу, Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезінің күн тәртібіне фракция атынан ұсынылатын мәселелер, сьезді аудармашылармен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Мәжілісте қызу талқыланған мәселе - Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезінің күн тәртібіне фракция атынан ұсынылатын мәселе болды. 

Қорытындысында мынадай шешім шығарылады: сьездің мәжілістері ашық және жабық жағдайда өткізіледі, ашық мәжілістерге шешуші және кеңесші дауысқа ие сьездің барлық мүшелері қатысуы міндетті, сондай-ақ арнайы шақырылған кісілер мен келем деушілердің барлығына есік ашық, ал сьездің жабық мәжілістеріне тек сьезд мүшелері мен арнайы шақырылған кісілер ғана жіберіледі; социалистік бағыттағы саяси партиялардың кеңестер мен атқару комитеттерінің мүшесі болып табылатын өкілдері сьезд мәжілістеріне кеңесші дауыспен қатыса алады; сьезге арнайы шақырылған кісілер мәжілістерге тек өздеріне қатысты жайттар талқыланған уақытта ғана қатыса алады; сьезд мүшелері барлық мәжілістерге түгел қатысуға міндетті, ол үшін арнайы тіркеу жүргізіледі; мәжілістерге бір сағат кешігіп келген немесе мәжілісті тастап кеткен сьезд мүшесінің дауысы саналмайды; баяндамашыларға уақыт жағынан шектеу қойылмайды, ал жарыс сөзде шешендерге он бес минут беріледі; сьезд мүшелері өз атынан кезектен тыс мәлімдеме жасауға құқылы; сьездің мәжілістерін таңғы 80-ден бастауды ұсыну туралы қаулы қабылданады.

1. Т. Рыскұлов Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезіне жиналып жатқан большевиктер партиясы делегаттарының таңертеңгі фракциялық мәжілісіне қатысады. Мәжілісте сьезд төрағасына большевиктер фракциясынан кандидат ұсыну мәселесі талқыланады. Сьезд атынан Асхабад майданына республиканың Әскери істер комиссары К. Осипов бастаған делегация жіберу туралы шешім шығарылады.

2. Т. Рысқұлов Ташкені қаласында 5 қазан күні кешкі сағат 8 -де өз жұмысын бастаған Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезінің мандат комиссиясына құжаттарын тіркетеді 2 Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезі Түркістан АКСР-і құрылғаннан кейін бес айдан соң шақырылды. Түркістан кеңестерінің Орталық Атқару Комитетінің өзі республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган ретінде тек 1918 жылы маусым айында ғана құрылған болатын. Түрікатком құрамында мынадай секциялар жұмыс істеді: әскери, азық-түлік, крестьян-дехкан, халық мәдениеті кеңесі, еңбек, ұлттар секциялары. Сонымен қатар Түрікатком жанынан бюджет-қаржы комиссиясы мен Конституцияны даярлау комиссиясы құрылған еді. 1918 жылы Түркістан төрт бірдей майданның - Орынбор, Ферғана, Жетісу және Закаспий қоршауында өмір сүрді. 1918 жылы 12 қыркүйекте Түрікатком Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезін шақыру туралы ереже қабылдайды. 5-14 қазан күндері өткен Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезінде алты мәжіліс ұйымдастырылады. Мандат комиссиясының есебі бойынша сьезге барлығы 439 делегат қатысады, оның 288-і большевиктер, 151-і солшыл эсерлер партиясының мүшесі болды. Сьездің күн тәртібіне ағымдағы мәселелер, қорғаныс, республиканың Конституциясын қабылдау, экономикалық саясат, мемлекеттік бюджет және қаржы саясаты, Түрікатком мен Халық Комиссарлар Кеңесінің есебі, Түрікаткомның жаңа құрамын сайлау мәселелері кіргізілді.

Т. Рысқұлов Түркістан кеңестерінің төтенше VI съезінің большевиктер фракциясының таңертеңгі мәжілісіне қатысады. Мәжілісте фракция атынан жасалатын ағымдағы жағдай туралы баяндаманың тезистері талқыланады. Т. Рысқұлов Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезінің мәжілісіне қатысады.Т. Рысқұлов Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезінің большевиктер фракциясының таңертеңгі мәжілісіне қатысады. Сьезде талқыланып жатқан Түркістан Конституциясына большевиктер фракциясы атынан ұсынылатын өзгерістер мен түзетулер талқыланады.Т. Рысқұлов Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезінің мәжілісіне қатысады. Мәжілісте Түркістан Республикасының Конституциясы талқыланады. Сьезде Бородин шеберханасы мен Ташкент трамвай депосынан сайланған делегаттардың оппозициялық тобы құрылады!?! Бұл топ сьезге бағынудан бас тартып, келесі күні өздерінің жеке жиналыстарын өткізетіндігін жариялайды. Т. Рысқұлов Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезінің большевиктер фракциясының таңертеңгі мәжілісіне қатысады. Т. Рысқұлов Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезінің мәжілісіне қатысады. Мәжілісте Конституция баптары талқыланады. Түстен кейін Т. Рысқұлов сьездің арнайы комиссиясы құрамында келіссөздер жүргізу үшін Бородин шеберханасы мен Ташкент трамвай депосынан сайланған делегаттардың жеке жиналысына қатысады. Жиналыста оппозициялық топ сьездің құрамы мен өту барысына қанағаттанбаушылық білдіріп, сьезд жұмысын заңсыз деп жариялауға тырысады.Т. Рысқұлов Түркістан кеңестерінің төтенше VI съезінің болыпевиктер фракциясының кешкі мәжілісіне қатысады.Т. Рысқұлов Түркістан кеңестерінің төтенше VI съезінің большевиктер фракциясының таңертеңгі і мәжілісіне қатысады. Т. Рысқұлов осы күні өткен Үшінші мәжілісте сьезде қалыптасқан салры ахуал туралы сөз сөйлеп, сьезд жұмысына кедергі келтіріп отырған оппозициялық топтың саясатын сынайды. 

Т. Рысқұлов сьездің арнайы комиссиясы құрамында келіссөздер жүргізу үшін Бородин шеберханасы мен Ташкент трамвай депосынан сайланған делегаттардың жеке жиналысына қатысқанын, бірақ онда мәнді сөз естімегенін хабарлайды. Түркістан тұрғындарының 95 пайызын құрайтын мұсылман халқы сұрапыл ашаршылықтан қырылып жатқан кезде билік басындағы орыс революционерлері саяси партияларға жіктеліп алып, ұсақ, мәнсіз мәселелер бойынша өзара қырқысып жатыр. Егер орыс революционерлері ымыраға келіп, республика өміріне қатысты маңызды шешімдер шығармайтын болса, онда мұсылман делегаттарының сьезден кететіндігін мәлімдейді. Большевик пен эсер болып бөлініп, бірінің сөзін бірі келемеждеп жатқан орыс делегаттарға Т. Рысқұловтың сөзі қатты әсер етеді, бүкіл сьезд оның сөзіне жамырай қол соғып, құрмет көрсеткен.

Т. Рысқұлов Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезінің большевиктер фракциясының таңертеңгі мәжілісіне қатысады. Мәжілісте Ташкент жұмысшыларының жалпы жиналысының (конференциясының) хаттамасы талқыланады. Мәжілісте аталған конференцияға сьездің большевиктер фракциясының атынан 5 кісілік делегация жіберу туралы қаулы қабылданады. Делегация құрамына Салаев, Рысқұлов, Журавлев, Окунев және Дубровин кіргізілді. Сонымен қатар, фракциялық мәжілісте Ф. Колесовтың республиканың экономикалық жағдайы туралы баяндамасы мен Ферғанадағы ахуал туралы мәселе талқыланады.Т. Рыскұлов Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезінің мәжілісіне қатысады. Түркістан Республикасының Конституциясы жарияланады!”. Түстен кейін Т. Рысқұлов большевиктер фракциясының мәжілісіне қатысады. Оппозициялық топ сьезге қарсы Ташкент кәсіподақ ұйымдарының конференциясын өткізу туралы шешім шығарады

Т. Рысқұлов Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезінің большевиктер фракциясының кешкі мәжілісіне қатысады. Сондай-ақ ол Түркістан кеңестерінің төтенше VI съезінің большевиктер фракциясының таңертеңгі мәжілісіне қатысады. Мәжілісте сьезде жасалатын Түрікатком мен Халық Комиссарлар Кеңесінің есепті баяндамалары талқыланады. Фракция мүшелері Билличенко мен Романенконы мандаттарынан айыру туралы шешім шығарылады.Т.Рысқұлов Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезінің мәжілісіне қатысады.Т. Рысқұлов түстен кейін сьезд комиссиясының құрамында оппозиция ұйымдастырған «Ташкент кәсіподақтар ұйымдарының конференциясына» қатысады. Т. Рысқұлов Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезінің большевиктер фракциясының кешкі мәжілісіне қатысады. Мәжілісте Түркістан большевиктер ұйымдарының жағдайы, Түрікатком мен Халық Комиссарлар Кеңесінің есепті баяндамалары тағы да талқыланады. Т. Рысқұлов Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезінің жұмысына қатысады. Т. Рысқұлов Талқылауға қызу араласып, күрделі мәселелер бойынша дұрыс шешім шығарылуына күш салады.

Т. Рысқұлов Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезінің жұмысына қатысады. Т. Рысқұлов талқылауға қызу араласып, күрделі мәселелер бойынша дұрыс шешім шығарылуына күш салады. Т. Рысқұлов Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезінің соңғы, алтыншы мәжілісіне қатысады. Түркістан Орталық Атқару Комитетінің жаңа құрамы сайланады. Түрікатком төрағалығына В.Д. Вотинцев, хатшылығына И. Фотеев бекітілді. Түрікаткомның 74 мүшесінің 49-ы большевиктер, 25-і солшыл эсерлер партиясының мүшесі болды. 31 мүшелікке кандидат (17 большевик, 14 солшыл эсер) сайланды . Большевиктер фракциясынан Түрікатком мүшелігіне сайланған 49 кандидаттың бірі Т.Рысқұлов болды. Сьезде Халық Комиссарлар Кеңесінің жаңа құрамы сайланды. Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезінде сайланған Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесінің құрамы мынадай (алфавит бойынша):

Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы Фигельский В.Д. Халық Комиссарлар Кеңесінің Іс басқарушысы Малкоф А. Азық-түлік халық комиссары Казаков А.А. Әділет халық комиссары Мұхамеджанов А.М. Әскери істер халық комиссары Осипов К.П. Денсаулық сақтау халық комиссары Рысқұлов Т. Енбек және әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссары Камынин П.С. Жер шаруашылығы халық қомиссары Бушуев М.М. Қаржы халық комиссары Ренеслац Я.Х. Қатынас жолдары халық комиссары Дубицкий Е.П. Мемлекеттік бақылау халық комиссары Климов Ф.И. Пошта және телеграф халық комиссары Беленко В.В. Ұлт істері жөнінде халық комиссары Жорабаев Х. Халық ағарту халық комиссары Билик В.П. Халық шаруашылығының Орталық Кеңесінің төрағасы Куликов К.М. Ішкі және Сыртқы істер халық комиссары Голятовский К.П.

Аталған комиссарлардың барлығы большевиктер партиясының мүшелері болды, өйткені сьезде жеңіліс тапқан солшыл эсерлер Халық Комиссарлар Кеңесінің құрамына кірмейтіндіктері туралы мәлімдеген болатын!“ Осылайша, Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезінде сайланған Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесі мүшелерінің басым көпшілігі еуропалықтар болды. Орталық Атқару Комитетінің 74 мүшесінің 20-ы ғана мұсылмандар, олардың біразы республикаға сырт аймақтардан келген татар-башқұрт революционерлері еді. Ал, 14 халық комиссарының тек 3-і ғана мұсылман қайраткерлері болды. Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің билігіне тағы да еуропалық революционерлер ие болды.

Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезінде сайланған Орталық Атқару Комитетінің мүшелері: А. Қожанкұлов (большевик), Әбдірахманов (солшыл эсер), М. Алиев (большевик), В.П. Билик (большевик), Билиничкин (большевик), Н.К. Богатов (большевик), Е.Е. Богоявленский (большевик), И.И.Буренко (солшыл эсер), А. Бреусов (солшыл эсер), В.Д.Вотинцев (болышевик), Е.С. Г ераскин (солшыл эсер), К.И.Голятовский (большевик), Қ. Сарымолдаев (солшыл эсер); Х.Жорабаев (болышевик), С.С. Дорожкин (солшыл эсер) А.С.Заболотников (солшыл эсер), Иванов (большевик), И.Юсупов (большевик), Исламов (большевик), А.А.Казаков (большевик), П.П.Кампенус (большевик), С.П.Килячков (большевик), Ф.И. Клементьев (большевик), Ф.И.Климов (большевик), К.Е.Коляда (большевик), Н.М.Косенко (солшыл эсер), К.М.Куликов (большевик), Х.Курбанов (большевик), В.А.Лавенеков (солшыл эсер), А.Н.Малкоф (большевик), Мальков (большевик), К.Маргунов (большевик), А.М.Мухамеджанов (большевик), Нвбатников (солшыл эсер), Нагайбаков (солшыл эсер), Н.Кожаев (большевик), Окунев (большевик), И.И.Орлов (солшыл эсер), К.И.Осипов (большевик), М.А.Палий (солшыл эсер), З.И.Печатников (солшыл эсер), К.С.Поваров (солшыл эсер), Я.Х.Ренеслац (большевик), Т.Рысқұлов (большевик), Самадов (большевик),С.Саидазимбаев     (солшыл эсер) К.Е.Сорокин (большевик), Д.И.Стратуленко (солшыл эсер), Г.А.Темлянцев (большевик), С.В.Теодорович (солшыл эсер) Тихонов (солшыл эсер) П.Е.Трапезников (солшыл эсер)Б.А.Троицкий (большевик), Г.И.Трофимов (большевик), С.Тұрсынкожаев (солшыл эсер) К.Я.Успенский (солшыл эсер), И.Файзулин (большевик), И.М.Фотеев (большевик), Н.Я.Федермессер (большевик), В.Д.Фигельский (большевик), И.Н.Фоменко (большевик), К.Хаитбаев (большевик), А.Ф.Христофоров (большевик), Худомясов (солшыл эсер) Челогузов (солшыл эсер), Черневский (солшыл эсер), А.Ш.Шарафутдинов (большевик), Шилов (большевик), В.Щербаков (большевик),, С.Юсупов (большевик).

Тұрар Рысқұлов Түркістан кеңестерінің төтенше VI съезінің большевиктер фракциясының кешкі мәжілісіне қатысады. Тұрар Рысқұлов Түркістан кеңестерінің төтенше VI съезінің большевиктер фракциясының таңертеңгі мәжілісіне қатысады. Сьезде жеңіліс тапқан республиканың бұрынғы басшылары,өздерін «ескі коммунистер» атандырған И. Тоболин мен Ф.Колесов жаңадан тағайындалған басшыларға қарсы оппозициялық майдан ашады. Түркістанға сырт аймақтардан келген, сьезде Түрікатком төрағасы болып сайланған 27 жасар большевик В.Д. Вотинцевтың да, Сорбон университетінің түлегі, сьезде Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып сайланған В.Д. Фигельскийдің де Түркістанның саяси, әлеуметтік, ұлттық жағдайынан хабарлары мардымсыз болатын. Сьезден кейін И.О.Тоболин республикалық «Коммунист» газетінің редакторы болып тағайындалады. Ол газетті республика басшылығына келген Качурирнер, Финкельштейн, Троицкий, Першин және т.б. басшыларды сынайтын органға айналдырады. Денсаулық сактау халық комиссары болып сайланған Т. Рысқұловқа саяси билік үшін өзара қырқысып жатқан орыс революционерлерінің Түркістанның мұсылман бұқарасын, әсіресе, көшпелі қазақтарды шарпыған сұрапыл ашаршылықпен және аса қатерлі жұқпалы аурулармен күресуге уақыттары да, ниеттері де жоқ екені айқын көрінді.

Тұрар Рысқұлов Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезінен кейін ұйымдастырылған большевиктердің фракциялық мәжілісіне қатысады. Большевиктер фракциясының мәжілісі «өлкелік большевиктер партиясының конференциясы» деп жарияланады. Мәжіліс-конференцияда Түркістан Коммунистік партиясының жағдайы талқыланып, ТКП Өлкелік комитетіндегі И.О.Тоболин, Ф.Колесов және т.б. кірген «ескі коммунистер» тобына қарсы тұру үшін Түркістан Коммунистік партиясының Уақытша Орталық Комитеті құрылады. Уақытша Орталық Комитет құрамына А.Ф.Солькин, К.Сорокин, Н.Кожаев, Новицкий және Ермолов сынды бес мүше сайланып, төрағасына А.Ф.Солькин тағйындалады. Уақытша Орталық Комитетке тез арада Түркістан Коммунистік партиясының II съезін шақыру тапсырылады. Осы уақыттан бастап А.Ф.Солькиннің тобы «жас коммунистер» атала бастады. Түрікатком мүшесі Тұрар Рысқұлов Түрікаткомның ескі құрамы мен кеңестердің төтенше VI сьезінде сайланған жаңа құрамының біріккен мәжілісіне қатысады. Мәжілісте Түрікаткомның ескі құрамы мүшелерінің өкілеттіктері 1 қарашаға дейін шартты түрде ұзартылып, оларға өз қызмет орындарын жаңадан сайланған мүшелерге жоспарлы түрде тапсыру міндеті жүктеледі. Түрікаткомның облыстардан келген жаңа мүшелеріне 1 қарашаға дейін өз уездеріне барып, ондағы істерін бір жақты аяқтан келуге бұйрык беріледі. Түрікаткомның жаңа мүшелерін Ташкент қаласында уақытша пәтермен қамтамасыз ету үшін ерекше комиссия құрылады. Мәжіліс майдандардың әскери-саяси штабтарын саяси бөлімдермен алмастыру және таяу арада Ташкент қаласына қызыл әскерлер сьезін шақыру туралы Түркістан кеңестерінің төтенше VI сьезінің шешімін талқылап, қаулы шығарады”. Түрікатком мүшесі Т. Рысқұлов талқылауға қызу араласып, күрделі мәселелер бойынша дұрыс шешім шығарылуына күш салады.

Денсаулық сақтау халық комиссары Т. Рысқұлов Халық Комиссарлар Кеңесінің мәжілісіне қатысады. Мәжілісте Өлкелік Интендант Басқармасын қаржыландыру, Памир әскери бөлімшесін қаржыландыру, Ташкент пен Кушка радио станцияларының штаты туралы, Пошта және телеграф комиссариатының штаты туралы, Бұқара-Хиуа істері, Сушаруашылығы басқармасына қосымша қаржы бөлу сияқты күн тәртібіндегі барлығы алпыстан аса мәселелер талқыланады”. Мәжілісте Денсаулық сақтау халық комиссары Т.Рысқұлов бұрынғы комиссармен бірлесіп облыстық комиссариаттар жанындағы денсаулық сақтау және мал дәрігерлері бөлімдері қызметкерлерінің штаты туралы, ауруханалар мен емханалардың қажеті үшін кебу тақтайлар даярлауға қаржы бөлу туралы, фосфор зауытының санитарлық жағдайын жақсарту туралы, Черняев сантон зауытының сметасы, республиканың емханаларында жаңа штат кестесін енгізу туралы, жұқпалы аурулармен күрес шаралары үшін жыл аяғына дейін қосымша 16 млн. рубль қаржы бөлу туралы бірнеше баяндама жасайды .

Денсаулық сақтау халық комиссары Тұрар Рысқұлов Халық Комиссарлар Кеңесінің Кіші кеңесінің мәжілісіне қатысады. Мәжілісте Әскери істер комиссариатының бұрынғы әскери тұтқындар үшін 20 млн., ал армия үшін 30 млн. рубль қаржы бөлу, Асхабад майданының жағдайы, Ақтөбе майданының жағдайы, Ташкентте мақта тазалау зауытын салу туралы, Верный кеңесі атқару комитетінің қызметі, Ташкент зауыт комитетін қаржыландыру, Жетісу облысына қаржы бөлу, Жаңа Бұқара кеңесі туралы, Әндіжан уездік кооперативтер ұйымы туралы, Жетісу кеден бекеттері туралы, Ташкент шеберханалары туралы, Сырдария облысына кредит бөлу, Шу өзені аңғарында суландыру жүйесін салу үшін қаржы бөлу және т.б. мәселелер талқыланады, Үкімет мүшесі Тұрар Рысқұлов талқылауға қызу араласып, күрделі мәселелер бойынша дұрыс шешім шығарылуына күш салады.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға