Жаңалықтар

Қазақ тілін үйренуді жартыжолдан тастап кетпегеніме қуанамын

Қазақ тілін үйренуді жартыжолдан тастап кетпегеніме қуанамын
12.12.2019 12:25 1937

Чу Ионг Мин, Қазақстандағы Корея Республикасы елшілігінің қызметкері, ҚХА-ның «Ұлы даланың Ұлтаралық тілі» форумына қатысушы:

Мен Қазақстанға алғаш рет 2005 жылы Кореяның Сеул қаласынан келдім. Сол уақытта қазақ тілін үйренуге деген құштарлық болды. Кореяда жүріп қазақ тілін интернеттегі онлайн сабақтар арқылы үйрене бастаған едім. Корядан Қазақстанға сол уақытта бірнеше студент келіп, жоғары оқу орнына қазақ тіліне тапсырдық. Алайда, олардың көбісі Қазақстанда қазақ тілінің қолданысының төмен екенін көргеннен кейін ойларынан айнып, орыс тілін оқыды. Бұл менің Қазақстанға алғашқы келгенімдегі көрініс болатын. Кейін 2011 жылы Қазақстанға тағы да келуімнің сәті түсті. Сол уақытта жағдайдың өзгергенін, қазақ тілінде сөйлейтіндердің көбейгенін көрдім. 2015 жылы Қазақстанға келіп, жұмыс жасауға мүмкіндік туды. Бүгінде кезінде құрбыларыма еріп, қазақ тілін үйренуді жарты жолда тастап кетпегеніме қуанамын. Себебі, қазір достарыммен қазақ тілінде сөйлесемін, өз ойымды еркін білдіре аламын. Мен қазақ тілін үйрену қиын деген сөзге қосылмаймын, үйренемін деген мақсат қойсаңыз, қазақ тілін де өзге шет тілдері секілді аз уақыттың ішінде меңгеріп алуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға