Жаңалықтар

Қазақстанның Украинадағы елшілігі үндеу жасады

Бұл туралы Елшіліктің баспасөз қызметі мәлім етті
Қазақстанның Украинадағы елшілігі үндеу жасады
Фото: gov.kz 10.10.2022 20:50 2848

Қазақстанның Украинадағы елшілігі осы елде тұратын қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz

«Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! Украинаның барлық аумағында азаматтық инфрақұрылым мен мемлекеттік нысандарға шабуылдың күшеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Елшілігі өз азаматтарын Украинаға барудан бас тартуға, ал елде жүргендерді әуе шабуылы дабылына мұқият мән беруге, өз баспанасында және бомбапанада қалуға шақырады», - делінген хабарламада. 

Елшілік сондай-ақ Қазақстан азаматтарын мүмкіндігінше Украина аумағынан кетуге шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға