Жаңалықтар

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Қарасай ауданының дене шынықтыру және сауықтыру кешеніне барды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Қарасай ауданының дене шынықтыру және сауықтыру кешеніне барды
02.04.2019 03:54 2212

Нұрсұлтан Назарбаев Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс барысымен танысты. Нысанды салу жұмыстары аяқталуға жақын.

Мұнда бокс және тренажер залдары, күрес үйірмесі, жүзу бассейні, теннис корты және басқа да спорттық инфрақұрылымдар жұмыс істейтін болады.

Аудандағы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешеннің құрылысы Елбасының тікелей қолдауымен және оның жеке қаражатына салынуда.

Akorda.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға