Жаңалықтар

Еліміздің ашық жер кадастрының базасына қолжетімділік толықтай қалпына келтірілді

aisgzk.kz порталындағы кадастрлық картаның көмегімен кез келген азаматтың Қазақстанның жер пайдаланушылары туралы ақпаратты білуге мүмкіндігі бар
Еліміздің ашық жер кадастрының базасына қолжетімділік толықтай қалпына келтірілді
Фото: El.kz 19.08.2022 11:57 858

Қазақстанның ашық жер кадастрының базасына қолжетімділік толықтай қалпына келтірілді, – деп хабаралайды El.kz.

2022 жылы 15 тамызда aisgzk.kz.  мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің порталында ақпарат толық қолжетімділік қалпына келтірілді.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың шілде айының ортасында базада техникалық ақау орын алып, ол жер учаскелері туралы толық мәліметтердің қол жетімсіз болуына әкелген болатын. Жүйедегі ақаулардың себептері анықталғаннан кейін мамандар тобы оны жою бойынша жұмысқа кірісті. 12 тамыз күні техникалық жұмыстар аяқталды және қазіргі уақытта МЖК ААЖ сайтында ақпарат қолжетімді.

aisgzk.kz порталындағы кадастрлық картаның көмегімен  кез келген азаматтың Қазақстанның жер пайдаланушылары туралы ақпаратты білуге мүмкіндігі бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға