Жаңалықтар

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері

Сала мамандарының пікірі
28.01.2015 11:01 42181
Желтоқсан айы қазақ елі үшін атаулы күндерге бай. Соның ішіндегі ең бір маңыздысы, Қазақстанның мемлекет ретіндегі тағдырына түбегейлі өзгеріс енгізген – Тәуелсіздік күні. Мейрам қарсаңында, Ел.кз редакциясы жекелеген сала мамандарының осы тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктеріне байланысты пікірін білді. 

Нұрмұхамед Байғара, саясаттанушы, «Алаң» бағдарламасының («Қазақстан» арнасы) жүргізушісі:

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріМеніңше, соңғы 23 жылда Қазақстанның жеткен жетістігі жетерлік. Бірақ тәуелсіз мемлекет ретінде біздің табысымыз не деген сауал туындаса, мен төмендегі бірнеше "олжаны" тізер едім. Себебі кейбір біз секілді егемен елдер бұған толық қол жеткізе алмай келеді десем, бос мақтағаным емес. Біріншісі, тәуелсіз, жаңаша ойлай алатын, сыни көзқарастан қорықпайтын жаңа қоғам, жаңа ұрпақ қалыптасты. Қазіргі қатардағы азамат өз ойын ашық жеткізе алады, қымсынбайды. Керек жерде  талап етеді. Келмеске кеткен Кеңес Одағын аңсамайды. Көпшілігі өз болашағын Қазақстаннның дамуымен байланыстырады.

Екіншісі, Қазақстан территориясы шекарасының толық анықталып, құжатпен бекітілуі. Бұл жетістікке жету үшін талай дипломат, топограф, тарихшылар, картографтар және өзге де мамандар сан жылдар бойы тер төкті. Ал осы істі толық басқарған президент Назарбаевтың сіңірген еңбегі шексіз. Елбасы кейбір көрші елдердің басшыларындай келер ұрпаққа шешілуі қиын әрі ұзақ ұлтаралық, дінаралық жанжалдарды, түйіні тарқатылмаған жер дауын қалдырған жоқ. Өз уақытында шешті.

Үшінші. Үлкен қиыншылықтармен болсын республикамыздың нарықтық экономикаға толық өтуі. Бүгінде Қазақстанда 2 млн аса жеке кәсіпкер бар. Олар қаншама жұмыс орнын ашты. Төрт-бес адамның біреуі жеке өз ісін ашқысы келеді. Студенттердің басым бөлігі жеке бизнес жайлы жоспарлайды. Бұл адам қабілетіне қарай табыс табуға мүмкіндік беретін нарықтық экономиканың жемісі деп есептеймін.

Әбіләзиз Исаев, саяси ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік және жергілікті басқару институтының доценті: 

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріҚазақстанның тәуелсіздік жылдары мемлекеттік қызмет саласындағы жетістіктеріне тоқталар болсақ, мен 5 нәрсені атап өтер едім. Ең алдымен, біз ТМД елдерінің ішінде бірінші болып «Мемлекеттік қызмет туралы»  заңды қабылдадық. Одан кейін тағы да осы достастық мемлекеттер арасында бірінші болып «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңымыз қабылданды. Үшінші, мемлекеттік қызметшілер элитасын қалыптастырдық. Төртінші, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы аясында Аймақтық Хаб құрылып, оның орталығы Астана қаласы тағайындалды. Бұл да бір үлкен жетістік Қазақстан үшін.Бесінші, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің құрылуы.

Осы дүниелердің бәрі жинала келіп, мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастырды деп айтуға толық негіз бар.  

Тимур Кубеков, запастағы майор, блогер:

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріДекабрь 1991 года. Дальний военный гарнизон в Казахской ССР.  Я – молодой офицер Советской армии, стою на плацу и жду построения. Сейчас нам должны сказать очень важную информацию. Хотя, откуда командование полка  может знать? Они тоже знают то, что знает все граждане СССР. Теперь СССР – нет. Все решилось в Беловежской пуще.

Я стою и пинаю ногой льдину - думаю. В голове много вопросов: Что станет с нами? Что станет с полком? Ведь в полку служат не более 10% с КазССР, все остальные со всего Советского Союза. Что будет с Казахстаном? Что будет с армией? Кому теперь служить и кого защищать?

Мы продолжали служить. Сначала мы служили бывшему СССР, затем народу СНГ, а потом уже независимому Казахстану. Через несколько месяцев начали прибывать в полк казахстанцы. Офицеры, прапорщики со всего бывшего СССР. Первый военный летчик – казах, первый комэска, первая большая интернациональная группа офицеров инженеров из авиаполков Украины.  Капитаны, майоры, подполковник. Каждый имел громадный опыт, в том числе боевой опыт. Все они были родом из Казахстана и готовы служить и защищать Родину. Их назначали на освободившие должности офицеров, которые приняли решение вернуться на свою Родину: Украину, Россию, Узбекистан и т.п. Полк продолжал выполнять свои задачи – полк продолжал летать согласно утвержденному учебному плану. Так началась строиться новая армия в новом независимом государстве – Республики Казахстан.

Прошло более 20 лет с момента, когда Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев, подписал указ о создании национальных Вооруженных Сил РК. Надо понимать, что кардинальные изменения в армии начались в начале 21 века, а в первое десятилетие Независимости Казахстана была поставлена задача по сохранению армии и  сохранению ее боевой готовности. 

Сейчас казахстанская армия – это не осколок армии Советского Союза, а это армия нового формата, с новыми традициями. Армия, которая становится профессиональной и  в ней идет техническое перевооружение на основе новых технологий.  Я думаю, что через десять лет наша армия войдет в тридцатку  сильнейшей армией мира. 


Дархан Өмірбек

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға