Жаңалықтар

Қазақстандықтар Жолдауда айтылған ұсыныстар туралы қандай пікірде?

43,46%-ы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының мазмұнынан жақсы хабардар
Қазақстандықтар Жолдауда айтылған ұсыныстар туралы қандай пікірде?
Фото: egemen.kz 02.09.2022 21:14 1035

Орталық коммуникациялар қызметі Президент Жолдауына қатысты қазақстандықтар арасында жүргізілген жедел-сауалнама деректерін ұсынды, деп хабарлайды El.kz

Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, қазақстандықтардың 43,46%-ы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының мазмұнынан жақсы хабардар. Тағы 48,88% жаңа шаралар туралы естіді, бірақ егжей-тегжейін білмейді. Ал 7,67% онымен әлі танысып үлгермеген. 

Сауалнамаға сәйкес, Президенттің ұсыныстары ақпараттандырылған азаматтардың басым көпшілігіне оң әсер қалдырды – 80,07%. Ұсыныстың 14,73%-ы бейтарап әсер қалдырды. Теріс әсер туралы 1,11% хабарлады. 

Жолдаудың бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемдер кезеңінің ұлғаюы (54,15%), Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50%-ын 18 жасқа дейінгі балалардың жинақтаушы шоттарына есептеу (51,27%), ең төменгі жалақы мөлшерінің 70 мың теңгеге дейін өсуі (46,07%), 61 жастағы әйелдердің зейнеткерлік жасын белгілеу (41,53%), 100 мың жас қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз ету (37,87%) және т.б. тақырыптары ақпараттандырылған азаматтар арасында барынша мақұлдауға ие болды. 

Зерттеу 1 қыркүйекте еліміздің 20 өңірінде 18 жастан асқан 800 қазақстандық арасында онлайн-сауалнама әдісімен жүргізілді, әр облыстың қалалары мен ауылдары іріктемелі қамтылды. Сауалнама нәтижелерін Қазақстанның барлық халқына экстраполяциялауға болады – зерттеу үлгісі ел тұрғындарының әлеуметтік-демографиялық және аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып жасалған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға